



Желтау- Дияр елді мекенінен 30-35 шақырым жердегі дөңгелек, үсті тақтайдай тегіс, баялышты тастақты тау жотасын осылай деп атайды. Көшпенділер бұны "Көлденең жел тау немесе дөңгелек жел тау" дейді. Етегі бұлаққа толып маңынан ел кетпейтін, үстінен желі гулеген, маса -шыбыннан ада, мал жайлауға қолайлы жер болып табылады.
Шахмат ханшайымы - Қопа ауылдық округіне қарасты Ақтолағай шатқалдарында тұрған табиғи ескерткіш. Мыны алғаш аңғарып көңіл бөлген ағылшындар. 19 ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында Мұнай кең орындарын барлау экспидиясы осы жерде болып, табиғи түзелімді "Шахмат ханшайымы"- деп атап кеткен және оны баспа сөзде хабарлап, суретін берген. толығырақ...
Үй тас- аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде тұрған биіктігі 2,3 - 3 м болатын тас. Аңызда ол ұзатылған байдың қызы, көшімен тас болып қалған. Әкесі барлық жасауын түгендеп берсе де қызы "итаяғым алтыннан болмады-ау" деп өкініш білдіргенде, ыза болған әкесі "тас бол" деп қарғаған дейді. толығырақ...
Күлдірдің тақыры -Сарытоғай ауылдық округінің территориясында Алтай батыр ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы алпыс шақырым жердегі тегіс тақыр жер. Ешқандай шөп өспейді. Көктемде қар, суы нөсер жаңбырдан тұрған қақ сулар желмен шайып саздақты ойпаты тегістеп тастаған. толығырақ...
Тоқсанбайдың тұзы - бұл жүздеген шаршы км Тоқсанбай тауының етегінен басталатын батыстан оңтүстік -шығысқа қарай созылып жатырған тұзды алқап. Көктемде қар еріп, жаңбыр жауғанда тұзды сорға айналады. Шілдеде су буланып, тұздың жоғары концентрациясы кристалға айналады. толығырақ...
МАТАЙҚҰМ үстірттің солтүстік бөлігіндегі құм. Теңіз деңгейінен
биіктігі 70-80 м . Батыстан шығысқа қарай 40 км-ге созылып
жатыр, ені 8 километрге жетеді. Ауданы 260 шаршы шақырым.
САРЫҚҰМ - Байғанин ауданының оңтүстік-батыс бөлігіндегі құм. Жем өзенінің орта
ағысымен Доңызтаудың солтүстік-батысы аралығындағы жазықта, Миялы селолық
округінің территориясында. Мал жайылымына қолайлы. Маңында артезиан орындары
бар. Сарықұмға таяу төңіректе Дияр ауылы орналасқан.