КӨК МЕШІТ – Байғанин ауданында ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасыр басындағы діни орын. Қазіргі Қопа селолық округінің Шибұлақ
ауылында орналасты. Мешіттің басты мақсаты көшпелі қазақтарды мұсылман діні
арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, олардың қоғамдық сана – сезімін, ой өрісі мен
дүние танымын кеңейту, адалдықты, еңбексүйгіштікті, әділеттілік пен
шыншылдықты, сондай – ақ Мұхамед пайғамбардың уағыздарын насихаттау болды.
Мешіт жанында балаларға араб, парсы, түрік тілдерінде бастауыш білім беретін
оқу орны болды, онда діни жоғары немесе орта білімі бар білім иелері дәріс
берді.толығырақ...
ДОСЖАН ишан мешіті- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар
ұғымын сіңіру керектігін айта келіп, «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» жобасын
әзірлеуді тапсырды.
Осыған орай ҚР Ұлттық музейі
жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы тамыз айының
ортасында «Қазақстанның жалпыұлттың киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін
ұсынады. Тізімде Ақтөбе облысы бойынша төрт нысан барын біз оқырмандарымызға
хабарлаған едік. толығырақ...
ЕРМАҒАМБЕТ ишан
мешіті –
Байғанин ауданының "Кемерши" ауылындағы белгілі тарихи – мәдени орын.
Бұл мешітті Жұмабай баласы Ермағамбет ишан 1909 жылы өз қаражатына салдырған.
Осында бала оқытып, елді имандылыққа үндеген. Мешітті салған шебер - Әлпейісов
Төлепберген деген кісі.
Кеңес өкіметі тұсында мешіт үйі мектепке, интернаттың жатақханасына айналдырылды. Жем өресіндегі бірден – бір іргелі құрылыс болғандықтан, елдің өнер – білімге ұмтылған ұрпақтарының аяулы ұясы болып қала берді. толығырақ...
Кеңес өкіметі тұсында мешіт үйі мектепке, интернаттың жатақханасына айналдырылды. Жем өресіндегі бірден – бір іргелі құрылыс болғандықтан, елдің өнер – білімге ұмтылған ұрпақтарының аяулы ұясы болып қала берді. толығырақ...