Жем өзені- басын Мұғалжар тауларынан алады. Бірнеше салалары қосылып, қар суымен тасыған Жем өзені кей жылдарда Каспий теңізіне құйылады. Жем өзеніндегі бұрынғы Ноғайлы елінің бір тобын "Жембойлық" деп атаған. Қазірде де бар. Патша үкіметі отарлау кезінде Жемді "Емь" деп кейіннен "Эмба" деп атап кеткен. Ұзындығы 350 шақырым шамасында. толығырақ...
Сағыз өзені. Аудандағы екі өзеннің бірі ауданның солтүстік-шығысындағы Дауыл өзенінен басталады, Атырау облысының Сағыз промыслы деп аталатын жерде аяқталады. Қар суымен қоректенеді. Жазда кей жерлері үзіліп қалады. Жалпы жаз бойы көптеген бұлақтар ағып, оның саласын мүлде кеуіп кетуден сақтайды. Оның бойында қысы -жазы мал бағылады. толығырақ...
Терісаққан сайы - Сағыз өзенінен тура оңтүстікке қарай тіке ағып жатқан сайды "Терісаққан сайы" деп атайды. Терісаққан деп аталуы сайдың Сағыз өзеніне құймай, теріс қарай аққанына қарай аталған болса керек. 1928 жылы осы сайдың бойында жиналған жұрт Табын ауданын ашу жөнінде жиналыс ашып, оны Қазақ АССР Атқару комитетіне жіберген.
МЫҢЖАСАРКӨЛ – Байғанин ауданындағы ағынсыз көл. Жем өзені алабында.
Жарқамыс ауылынан оңтүстік –шығысқа қарай 46 км . жерде. Ауданы 9,3 шаршы километр. Көлдің
ұзындығы 6 км .,
ені 3 км
МӘНІ сайы
– Байғанин ауданындағы өзен, Шығыс Каспий алабында. Ұзындығы 195 км , су жиналатын алқабы
9890 шаршы километр. Мәні сайы Бақыртау етегіндегі бұлақтардан басталып,
Доңызтау мекеніндегі Таскешу қыстағы тұсында тартылып қалады. Жағасы биік
жарлы. Жер асты суларымен, жауын-шашын және қар суымен қоректенеді.
ШАҒАН – Шалқар және Байғанин аудандарындағы өзен. Шығыс Каспий алабында. Ұзындығы 157 км ., су жиналатын алқабы 6280 шаршы шақырым. Шошқакөл бұйратының солтүстік – шығыс етегіндегі бұлақтан басталып, Шағырай үстіртінің батыс етегін жүлгелей ағып, Мәні сайымен бірігеді. Аңғары кең, жағасы тік жарлы. Көбіне қар және жер асты суларымен толығады. Шағын – шағын 41 саласы бар.
ШЫТЫРЛЫСАЙ – Байғанин ауданындағы өзен, Жем алабында. Ұзындығы 92 км ., су жиналатын алқабы 1220 шаршы шақырымға жуықтайды. Шығыс Мұғалжардың оңтүстік – батыс бөлігіндегі қыр бұлақтарынан басталып, Жарқамыс ауылының солтүстігіндегі 10 км . маңайда Жем өзеніне құяды.