Аудандағы екі өзеннің бірі ауданның солтүстік-шығысындағы Дауыл өзенінен басталады, Атырау облысының Сағыз промыслы деп аталатын жерде аяқталады. Қар суымен қоректенеді. Жазда кей жерлері үзіліп қалады. Жалпы жаз бойы қөптеген бұлақтар ағып, оның саласын мүлде кеуіп кетуден сақтайды. Оның бойында қысы -жазы мал бағылады.
САҒЫЗ –
Ақтөбе, Атырау облыстарындағы өзен. Каспий теңізі бассейініне кіреді. Ұзындығы 511 км ., су жиналатын алқабы
19400 шаршы километр. Мұғалжар тауының батысындағы қыратты келген жазықтықтағы
кіші бұлақтардан бастау алып, Каспий теңізіне 60 км . жетпей, Тентексор
тұсында тартылып қалады. XVIII –XIX ғасырларда шыққан географиялық карталарда
Сағыз өзенінің Каспийге құятындығы көрсетілген. Өзеннің жоғары жағында су
тапшы, арна толмайды, бөлек-бөлек қарасулар тізбегі құралған. Өзен суы Терісаққан
саласы құйғаннан бастап көбейеді. Жағалауы- шабындық. Сағыз өзені туралы
Қазақстанның батысындағы ақын-жыраулардың біраз арнаулары бар, бұл өзеннің бойында
да талай-талай тарихи оқиғалар өткен, бұлар туралы Махамбет, Ақтан Керейұлы шығармаларында
жырланады. Сағыз өзенінің жағасында Байғанин ауданының Көкбұлақ, Қосарал, Қопа,
Шұқырши, Баршақұм, Көптоғай, Ебейті, Шибұлақ елді мекендері мен ауылдары орналасқан.