Асан қожа қорымы (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) - Байғанин ауданындағы бейіт құрылысы ескерткіштерінің комплексі. Оймауыт ауылының оңтүстік батысында 50 км. жерде. (Жем өзенінің алқабында). Қорымның ауданы 48000 шаршы метр, ол әртүрлі 264 ескерткіштерден тұрады. Асанқожа қорымы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. толығырақ...
Алып Ана қорымы -сәулет өнерінің ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин, Атыру облысының Қызылқоға аудандарының шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында. Сағыз станциясының оңтүстік- шығысында 10 км. жерде. 1979 -1980 жылдары "Қазреставрация" (Алматы) мекемесі зерттеді. Бұл жерге батыр әйел қойылған деген деректер бар. толығырақ...
Ақсай қорымы Ақтұмсық елді мекенінің оңтүстік шығысында 40 шақырымда орналасқан. ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басы. Ақсай қорымы үш бөліктен тұрады.
толығырақ...
толығырақ...
Дауымшар қорымы (18-19 ғ.ғ) - Байғанин ауданындағы архитектуралық салт - дәстүр ескерткіші, Жарқамыс ауылының оңтүстік батысына қарай 37км, жерде, Жем өзенінің сол жағалауында орын тепкен. Ауданы 4 га. 1810 жылы осы жерге Адайдың қырықмылтық (Шоғы) тайпасының Есекей бөлімінен шыққан Дәуімшар батырдың есімімен аталған. толығырақ...
Қызылұйық қорымы алаңы 10 га құрайды. Дияр елді мекенінен 60 шақырым жерде орналасқан. Сақ массагет дәуіріне жатады, б.ғ. дейінгі ІІІ -І ғ.ғ. Белгіленген, көпбаспалдақты тас құрылым.
толығырақ...
толығырақ...
"..."Қыз моласы" атанған жалғыз зираттың: 1880 жылдар үстінде болған қайғылы оқиға екенін, Шымбыл есімді жалғыз қызы болғанын, шыңыраудай жайпақ құдықтан жармай ірілген тайдың терісінен жасалған месті атанмен сүйреп тартып түйе сауып құтырған бір буыршынның кесірінен шығыр тартып бара жатқан атан құлап, арқан үзіліп, құдық басындағы Шымбалды орай кетіп, құдыққа құлатып мерт қылғанын, Шымбалдың сол жерге жерленгенін, келе-келе "Қыздың моласы" атанғанын, көпшілік сол ойпаңды "Шымбалдың ойы" атап кеткенін ақтарып отырар әңгімеші қайда?" толығырақ...
Сүлікті кешені - ХІХ ғасыр ескерткіші. Оймауыт ауылының солтүстік батысында 30 км. жерде орналасқан. Биіктігі 6 м. Шеңбері 17 м. Сегіз қырлы қабырғалары бар, киіз үйге ұқсайды. Оңтүстік -батыс бетіндегі кіреберіс пен маңдайшасының жиегі шығыңқы, ұлттық "түйетабан" өрнегі салынған. Ішкі бөлігінде 8 қырдың әрқайсысы өрнектеліп қаланған. Мавзолейді халық шебері Дәулетнияз салған. толығырақ...
Тайлан қорымы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Дияр қонысының батыс, солтүстік батыс жағында 30-45 шақырым жерде, қорымда 0,3 га жерді алып тұрған 30-ға жуық ескерткіш бар, оның ішінде 1 мавзолей, 3 сағанатам, қалғандары сандықтас.
Үлкен Жыбысқы кешені, Ақтұмсық мекенінен шығыс, солтүстік шығысқа қарай 35 шықырым Шағырай үстіртінде орналасқан. Мешіттен, тұрғын үй қалдықтары мен қорымнан тұратын Арал - Каспий аралы аймағындағы әулеттік сәндік және тарихи этнографиялық ескерткіштер кешені. Салыну мерзімі ХІХ ғасыр - ХХ ғасыр басы. толығырақ..
жалғасы..