архитектуралық ескерткіш Үстірттің солтүстігіндегі Доңызтау аймағына орналасқан табындардың қойылымы. Қазақстанда мешіт құрылысы ХҮІІІ ғасырда қарқындай дами бастады, себебі осы мезгілде ислам дінінің идеологиясы шаруа өміріне тереңдей ене бастаған болатын. ХІХ ғасырдың ортасында дала төсінде көктемгі және күзгі жайлауға көшетін қара жолдың бойында ғидадатхана, тұрғын жайлар, ескерткіштер салына бастады.
Сүлікті кешені солардың бірі. Бұл ескерткіш архитектуралық құрылысы жағынан өте күрделі, қыраттың еңісінде салынған. Оның көптеген қызмет, тұрғын жай, шаруашылық бөліктері бар. Аталған мешіт алты күмбезді. Мешіттің қабырғалары тегістелген. Тау тастарынан, ішінар шикі кірпіштерден өрілген. Күмбездері шикі кірпіштен қаланып, арка жүйесімен салынған. Мешіт кешенінің маңында тұрғын үй жайларының қабырғалары сақталып қалыпты. Аталған ескерткіш қазақтар арасында кейінгі кезеңдегі жаңа діни бағытқа бағышталып салынған ескерткіштердің типтік үлгісі болып табылады.