АЙРЫҚ –
Байғанин ауданы, Қопа селолық округіне қарасты елді мекен, ауыл. Айрық ауылының
1970 – жылдары Крупская атындағы совхоздың бөлімше орталығы ретінде негізі
қаланып, ел қоныстанды. Кейін совхоз таратылған соң оның орнында 8 шаруа
қожалығы ұйымдасты. Қазір Айрықта бастауыш мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт
бар. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда 113 адам тұрады. Айрық Ебейті, Қопа,
Ноғайты, ауылдарымен автомобиль жолы арқылы қатынасады, космостық байланыс
жүйесіндегі телефон нүктесі бар.
АҚТАМ – Жарқамыс селолық округіндегі елді мекен. Селолық округ орталығының солтүстік – шығыс жағында, Жем өзенінің оң жағасында орналасқан. Колхоздастыру кезеңінде негізі қаланды, кейін «Ақжар» совхозының бөлімше орталығы болды. Халқы 229 адам (1999 жылғы санақ бойынша) Ақтамда бастауыш мектеп, ФАП, шаруа қожалықтары бар. Ауыл төңірегінің табиғаты көркем. 1970 жылдары мұнда жыл сайын пионерлер демалып, тынығатын лагерь болды.
АЩЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының оңтүстік батысындағы әкімшілік –
территориялық бөлініс, 1954 жылы осы ауданның құрамында селолық Кеңес ретінде
құрылды. Территориясы 2,06 мың шаршы км. Халқы 1857 адам (1999ж). Орталығы -
Ноғайты ауылы. Жаман Жарлы, Жалпақши, Алтыапан, Қозықатқан, Жуалы, Қарақұдық,
Аққұдық, Шаңдықұдық, Қырдасын, Ұзынкөл, Марғау, Қосқатын, Сырым, Қоскөл,
Тасөткел, Ащыойыл, Шөлтөбе, Ақшат, Шәдіғұл сияқты елді мекендер болған. Бүгінде
округ халқы негізінен Ноғайты ауылында тұрады. Округ территориясы арқылы Атырау
– Қандыағаш – Орск темір жолы мен Астрахань – Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.
Бүгінде округте бір теміржол станциясы, 25 шаруа қожалығы бар, сонымен қатар
байланыс, почта бөлімдері, фельдшерлік – акушерлік пункт, клуб, кітапхана,
бастауыш және орта мектептер жұмыс істейді.
БАЙҒАНИН – Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданының және Қарауылкелді селолық округінің орталығы, ауыл.
Қарауылкелді өзенінің сол жағалауында, Ақтөбе қаласынан оңтүстік – батысқа
қарай 251 км
жерде орналасқан. 1971 жылға дейін Қарауылкелді болып аталды. Теміржол
станциясы (Қарауылкелді). Халқы 8,3 мыңға жуық. Байғанин ауылының негізі ХХ
ғасырдың 30 – жылдарының аяғына таман Гурьев – Орск мұнай құбыры және Гурьев –
Қандыағаш темір жолы құрылысы кезінде қаланған. Алайда, кейбір мәліметтер
бойынша қазіргі Байғанин ауылы орналасқан жерде ХХ ғасырдың 30 – жылдарының
басында Қарауылкелді колхозының да болғаны туралы деректер бар. толығырақ...
БАРШАҚҰМ – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сарытоғай селолық
округіндегі ауыл. Сағыз өзенінің оң жағасында. 1963
жылға дейін «Баршақұм» колхозының орталығы осы ауылда болды, кейін мұнда
«Алтай» совхозының бөлімше орталығы орналасты. Баршақұм ауылында Соц.Еңбек Ері
А.Айтқұлов тұрды. Осы ауылда ХХ – ғасырдың 20 – жылдары Кәдірберді ишанның
мешіті болды. 1999 жылғы санақ бойынша Баршақұм ауылында 400 адам тұрды, мұнда
қазір орта мектеп, фельдшерлік – акушерлік пункт, бірқатар өндірістік
кооперативтері мен шаруа қожалықтары бар. ауыл сыртында Қаратау бидің кесенесі
орын тепкен.
БЕСБАЙ – Жаңажол селолық
округіндегі елді мекен. Жем өзенінің оң жағасында, аудан орталығынан 195
шақырым қашықтықта орналасқан.
БҰЛАҚТЫКӨЛ – Байғанин ауданы, Қызылбұлақ селолық округіндегі
село. Бұлақтыкөл ауылының ХХ – ғасырдың 30 – жылдарында колхоз орталығы ретінде
негізгі қаланды, кейіннен Абай атындағы совхоздың бөлімшесінің орталық мекеніне
айналды. Бұлақтыкөл ауылында кезінде Социалистік Еңбек Ерлері Тойманқұл
Елбетов, Мақан Ешімқұловтар тұрып, еңбек етті. Қазір Бұлақтыкөл ауылында орта
мектеп, клуб, кітапхана, өндірістік кооператив, шаруа қожалықтары бар.
ДИЯР – Жаңажол ауылдық округіндегі ауыл, селолық
округ орталығынан 90 км ,
аудан орталығынан 310 км .
жерде, Сарықұм құмында орналасқан. Халқы 396 адам (1999 жылғы санақ бойынша).
Дияр ауылы 1960 – жылдардың аяғында "Матайқұм" совхозының орталығы
болды, кейін "Оймауыт", "Дияр" совхоздарының бөлімше
орталығына айналды. Дияр ауылында қазір шаруа қожалықтары, орта мектеп,
дәрігерлік пункт бар. Ауыл төңірегінде артизан бұлақтары бар.
ЖАҢАЖОЛ
селолық округі – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы
әкімшілік-территориялық бөлініс – Ауданның оңтүстік бөлігін қамтиды. Селолық
округ территориясын халық ежелгі кезден мекендеген, кезінде олар түрлі
әкімшілік-аумақтық бөлініске қарасты болды, Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі
Аққолқа-Доңызтау болысы кейін, 1928 жылы Жаңажол селолық округі болып құрылды. Округтің
қазіргі территориясында Тасқабақ, Жамбыл, Буденный атындағы, Калинин атындағы,
Осипенко атындағы, Аманкелді, Теректі колхоздары болды, одан кейінгі кезеңде бұлар
ірілендіріліп, Жамбыл атындағы колхозға бірікті де, 1965 жылы сол колхоз
негізінде «Оймауыт» совхозы құрылды. толығырақ...
ЖАҢАТАҢ - Қызылбұлақ
селолық округіндегі елді мекен. Жем өзенінің оң жағасында, селолық округ орталығы
Кемерши ауылынан 20 шақырым жерде. Жаңатаң ауылының 1930 жылдары іргесі қаланды.
Осында ауылдық кеңес құрылып (төрағасы Иманалин Мырзабек, хатшысы Аманғосов
Қожай) онда Жаңатаң, Жаңатұрмыс, Молотов атындағы колхоздар болды. Кейін ол
Абай атындағы совхоздың бөлімшесіне айналды. Жаңатаңда «Даңқ» орденінің толық
иегері Ешбаев Сәрсенғали, Социалистік Еңбек Ерлері Молданиязов Жиенғазы,
Жүндібаев Есберген тұрды. Жаңатаң елді мекенінде шаруа қожалықтары, орта
мектеп, клуб, кітапхана, ФАП бар.
ЖАРҚАМЫС – Байғанин ауданындағы Жарқамыс
селолық округінің орталығы, ауыл, Жем өзенінің оң жағасында. Жарқамыс 1929 жылы
Табын ауданының орталығы болып жарияланды, 1930 жылдары орталық соған көшіп
барды. 1963 жылы Байғанин ауданы Темір ауданына қосылғаннан кейін мұнда «Ақжар»
совхозының орталығы орналасты.
ЖАРЛЫ – Байғанин ауданы Көлтабан селолық округінің орталығы. 1940
жылы Қандыағаш-Атырау темір жолындағы станция ретінде негізі құралды. 1960—жылдардың ортасына дейін 30-40 үйлі
шағын ауыл болды, теміржол жұмысшылары тұрды. 1960-жылдардың орта кезінде Қызыләскер және Жданов атындағы колхоздар «Байғанин»
совхозына біріккенде, оның орталық мекені Жарлы болып белгіленді, сондай-ақ
Көлтабан ауылдық кеңесінің орталығы да осы селоға көшірілді. Тұрғындардың
көбеюіне орай мұнда түрлі мәдени, ағарту, шаруашылық объектілері салына
бастады, село тез өсіп, көркейді. Қазір Жарлы селосында орта мектеп, мәдениет
үйі, сауда орталығы, отбасылық дәрігерлік амбулатория, телефон станциясы бар.
ЖЫҢҒЫЛДЫТОҒАЙ - Көлтабан селолық округіндегі елді мекен,
селолық округ орталығынан 15
км , аудан орталығынан 30 км жерде, Қызылқұдық және
Шатай сайларының қосылған жеріне жақын орналасқан. Жақын теміржол
станциясы - Жарлы (15 км ). Халқы 189 адам (1999
жылғы санақ бойынша). Жыңғылдытоғай ауылының тарихы 20 ғасырдың 20-жылдарының
аяғынан басталады. Алғашқыда ауыл Жем өзенінің бойында (қазіргі Миялы селолық
округі) қалыптасып, кейін 30-жылдардың басында елдің Орта Азияға үдере көшуінен
сақтандыру мақсатында қазіргі орнына көшірілді. 1930-жылдардың аяғына таман
ауыл аты Қызыләскер болып өзгертілді. Мұнда «Қызыләскер» колхозының орталығы
болды. Кейін ол «Байғанин» совхозының бөлімше орталығына айналды. Жыңғылдытоғайда
бастауш мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт бар. Елді мекенге бұрынғы атауы 2000 жылдардың
басында қайта берілді. Мұнда Социалистік Еңбек Ері Мақыбаев Әлен тұрып, жұмыс
істеген.