селолық округі – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы
әкімшілік-территориялық бөлініс – Ауданның оңтүстік бөлігін қамтиды. Селолық
округ территориясын халық ежелгі кезден мекендеген, кезінде олар түрлі
әкімшілік-аумақтық бөлініске қарасты болды, Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі
Аққолқа-Доңызтау болысы кейін, 1928 жылы Жаңажол селолық округі болып құрылды. Округтің
қазіргі территориясында Тасқабақ, Жамбыл, Буденный атындағы, Калинин атындағы,
Осипенко атындағы, Аманкелді, Теректі колхоздары болды, одан кейінгі кезеңде бұлар
ірілендіріліп, Жамбыл атындағы колхозға бірікті де, 1965 жылы сол колхоз
негізінде «Оймауыт» совхозы құрылды. Ұлы Отан соғысынан кейін осы өңір халқы
КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында аянбай еңбек етіп, тер төкті. Сәтімов
Шалтай, Байбазаров Қарымсақ, Қарағұлов Әлжан, Үбаев Әліпке Социалистік Еңбек
Ері атағы берілді. Жаңажол селолық округінде аудандағы алғашқылардың қатарында
орта мектеп ашылды, мұнда кейіннен ғалым, ақын, жазушы, артист, дәрігер т.б.
болып шыққан көптеген азаматтар тәрбиеленді. Доңызтау, Оймауыт өңірінен ғылым
докторлары Күзенбаев Нұрдәулет, Кенжебаев Кенжеғали, Қаз.КСР халық артисі Алтын
Ружева, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты болған Сұлтан Аманғосов, сондай-ақ
көптеген ғылым кандидаттары, мәдениет қызметкерлері өсіп жетілді. Қазір Жаңажол
селолық округінде 34 шаруа қожалықтары, орта
мектеп,он төсектік аурухана, балалар бақшасы жұмыс жасайды. Селолық округ орталығында
спутниктік байланыс жүйесі орнатылған, Оймауытта сондай-ақ халық театры аудан
тұрғындарына өзінің тамаша өнерімен қызмет көрсетіп келеді. 2007 жылы халықтың ауыз су жөніндегі ұзақ жылғы өтініші қанағаттандырылып, су тұшытатын қондырғы
орнатылды.Сөйтіп ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығынан құтылды.