Алып Ана қорымы



 - сәулет өнерінің ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин, Атыру облысының Қызылқоға аудандарының шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында. Сағыз станциясының оңтүстік- шығысында 10 км. жерде. 1979 -1980 жылдары "Қазреставрация" (Алматы) мекемесі зерттеді. Бұл жерге батыр әйел қойылған деген деректер бар. Археологиялық зерттеулер осында ХІҮ, ХҮ, ХҮІ ғасырларда күмбезді кесенелер тұрғызылғанын анықтады. Ескерткіш Маңғыстау, Үстірт стилінде жасалған. Құлыптастардың түрлі формалары бар, оларда әшекейлі оюлар, аяқ киімдер безерленген. Бұл қорымның әйел бейіті екендігін дәлелдейді. Қорымда негізінен адай, кете руларының өкілд
ері қойылған.


















                                                 Алып  ана қорымы
   Бүкіл  әлем аналардың ақ  сүтінен нәр алған,
   Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
   Әлемде сен болмасаң осылайша,
   Туар ма еді жүрегімде биік мақсат ізгі арман.

   Жүрегіміздің төрінен орын алатын аналарымызды құрметтеу мен бағалау перзент парызы. Әйелдер қауымы мейірімді, нәзік, сұлу ақылдылығымен қатар алыптығымен де тарихта қалған.
   Тарихта аты аңызға айналған Алып ана қорымы – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе және Атырау облысы шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында, Сағыз темір жолы станциясының  оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Ал, Байғанин ауданы Қопа селосынан 12 км қашықтықта орналасқан.
   1979-80 жылы «Қазреставрация» бірлестігі экспедициясы (жетекші С.Әжіғалиев) зерттеген. Жазба деректерінде мұнда алып батыр әйел жерленгені айтылады. Археологиялық зерттеулер бұл жерде 14-16 ғасырларда ортағасырлық күмбез тұрғанын көрсетті. Қазіргі кезде қираған орны ғана сақталған.
   Қорым, негізінен, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басына жатады. Күмбездер мен сағана тамдар әктас пен күйдірілмеген кірпіштен көтерілген. Ескерткіш Маңғыстау Үстірт стилінде жасалған. Қорымда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кішігірім күмбездер және әр түрлі қалыптағы құлпытастар көптеп кездеседі.
   Құлпытастарда әйел адамның әшекей бұйымдары, аяқ –киімдері бейнеленген. Бұлар қорым басында әйел бейіті болғаны туралы аңызды растай түседі. Алып ана қорымында көбіне қазақтың кете, адай руларының өкілдері жерленген. Қопа селосының тұрғыны, тарихқа жанашыр ақсақал Құлданұлы Ешмұқанның айтуы бойынша, Алып анаға 1980 жылдың мамыр айының 5 жұлдызында ескерткіш тас қой ған Сағыз станциясының тұрғыны Өскенбаев Бөлекбай деген ақсақал.
   Біз қазақпыз!
   Ежелден-ақ қазақ болып аталған
   Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң.
   Күйдірсе де ызғарлы аяз,  жалынды от
   Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
   Қатардан қалмай тәуелсіздігіміздің туы көгімізде желбіреп тұрған заманда ескерткіштерімізді қастерлеп, болашақ ұрпаққа жеткізер абзал ақсақалдарымыз аман болсын.
                                        Аққұртқа Бекенова,
Ақтан жырау негізгі мек-
тебінің  мұғалімі.
Жем-Сағыз 2015 ж. 5 қараша