СҮНДЕТТІҢ тамы -ХІХ ескерткіші. Оймауыт ауылының солтүстік-батысында 30 км. жерде орналасқан. Биіктігі 6 м., шеңбері 17 м сегіз қырлы қабырғалары бар, киіз үйге ұқсайды. Оңтүстік-батыс бетіндегі кіреберіс пен маңдайшасының жиегі шығыңқы, ұлттық түйетабан өрнегі салынған. Ішкі бөлігінде 8 қырдың әрқайсысы өрнектеліп қаланған. Мавзолейді халық шебері Дәулетнияз салған. толығырақ...
ҚҰСШЫ АТА – Үстірттің ортасындағы
үлкен қауым Аңыз әңгімелер бойынша Құмшы ата әулие құстар мен бүркіттердің
қорғаушысы болған көрінеді. Мұнда ХVІІ – ХХ ғасыр басы аралығындағы 500 ге тарта
ескерткіштер жинақталған. Олардың ішінде тас қоршаулар, арка, түрлі қойтастар,
сағана тамдар бар.
ҚАРАСАҚАЛ қорымы ХҮІІ ғ. мен ХХ ғ. басы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс аулынан 60 км ОБ-та орналасқан. Қорым 15 гектардай жерді алып жатыр, онда мыңға жуық бейіттер бар, көпшілігінің тек орындары қалған.
Қорымның Қарасақал әулие жерленген солтүстік – батыс жағы ең ертеректегі бөлігі болып табылады. толығырақ...
Қорымның Қарасақал әулие жерленген солтүстік – батыс жағы ең ертеректегі бөлігі болып табылады. толығырақ...
ҚАРАҚҰЛ қорымы – Байғанин ауданы, Жаңажол ауылдық округіндегі қорым.
Дияр ауылының солтүстік батысында 45
км . жерде. Таңба
белгілеріне қарағанда Қарақұл қорымында Адай руының ұрпақтары қойылған.
Ескерткіштерді осы Адай руының шеберлері жасаған. Қормының оңтүстік – шығыс
тұсында түрлі бейіт құрылыстар бар. «Қошқар» бейнесі бар ескерткіштер де
кездеседі. Қорым объектілері ақ бор мен құмды араластыру арқылы соғылған.
Тастарды кесу, қашау, қыру әдістері қолданылған.
ҚАЛЫҚОС – Байғанин ауданындағы Кенжалы өзені бойындағы қорымдардың бірі. ХІХ ғасырдың аяқ шенінде, дәлірек айтсақ 1870 жылдары Кенжалы бойын жағалай отырған 20 – 30 үйлі ауылдың жылқысына жау тиеді. Бұлар орыс әскерінің қалың қолы болатын, жасақ басшысы жауынгерлерге ат ұстауға бұйрық береді. Шолғыншылыққа шыққан бір топ қарулы жасақтың алдыңғы жағында 5 – 6 шақырымдай жерде келе жатады, олар кезіккен жылқыны отрядқа қарай қуалай бастайды. толығырақ...
НҰРМАНБЕТ қорымы – Байғанин ауданының Жаңажол селолық округіндегі қорым. Жем өзенінің сол жағалауында, Оймауыттан 30 км .дей жерде. Нұрманбет аталатын себебі, кейініректе осындай есімі бар кісінің қойылуына байланысты.
КӨПТІҢ қорымы-Сары ишан мешіті жанында орналасқан. Аумағы 12 га жерді алып жатыр. Қорымда 300-ге жуық адам жерленген. Ішінара қүмбез кездескенімен, сағанатам, күмбез секілді сәулетті құлпытастар кездеспейді, барлық бейіттер кесектастардан қаланған.