Қарасақал қорымы ХҮІІ ғ. мен ХХ ғ. басы Ақтөбе
облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс аулынан 60 км ОБ-та орналасқан. Қорым 15
гектардай жерді алып жатыр, онда мыңға жуық бейіттер бар, көпшілігінің тек орындары
қалған.
Қорымның Қарасақал әулие жерленген солтүстік –батыс жағы ең ертеректегі бөлігі болып табылады.
Қорымның сипаттамасына оралсақ оны екіге бөлуге
болады: оңтүстік (ертеректегі) және ХІХ ғ. ортасы –ХХ ғ. басына жататын
солтүстік бөлігі деп.
Қорымның орталық бөлігінде қабір үсті ескерткіштер аз. Оңтүстік бөлігінде
негізінен қоршаулар, құлпытас бар
тақтатастан қаланған қоршаулар қойылған.
Қорымның солтүстік бөлігі (әсіресе солтүстік –шығыс шеті) ескерткіштердің әр алуан (сәулет- көркем)
типтеріне толы. Қорым кесене мен
сағанатамдар типтерінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың арасында
сәулет өнері мен тас өңдеу өнерінің керемет үлгілері кездеседі.
Қорымдағы ерекше ескерткіштердің бірі-Індібай мавзолейі ақ бордан дайындалған кірпіштерден қаланған. Негізгі құрылымы төрт
бұрышты төменгі бөлік пен дулыға тәрізді күмбезден тұрады. Сырты біршама
тегістеліп өрнектелген. Қорымның
біраз бөлігі ақ бор мен құмнан әзірленген
құмақ кірпіштен қаланған бағанатамдар алып жатыр. Қорым Жем бойы қазақтарының
ХҮІІ ғ. ХХғ. Басындағы өлген адамдарды
жерлеу рәчімдерінен мол хабар
беретін Батыс Қазақстандағы ерекше ескерткіштер жиынтығы болып
табылады.