Асан қожа қорымы


   (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) - Байғанин ауданындағы бейіт құрылысы ескерткіштерінің комплексі. Оймауыт ауылының оңтүстік батысында 50 км. жерде. (Жем өзенінің алқабында). Қорымның ауданы 48000 шаршы метр, ол әртүрлі 264 ескерткіштерден тұрады. Асанқожа қорымы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

  Осы қорымдағы Асан қожаның өзінің бейіті табиғат құбылыстарының әсерінен бұзылған, құлап шөгіндіге айналған. Шамасы 15 жылдай бұрын оның басы қайта жаңғыртылып, ұзындығы кісі бойындай, төрт құлақты сағана там салыныпты. Алдына жаңа құлыптас қойылған, оған "Жалпақ тіл Бигел Әбуұлы Мұғалбай" деген жазуы бар ескі құлыптас та іргелес тұр, онда Табын руының белгісі бар. Тамның кіре берісіндегі есікке қожаның аса таяғы бекітіліпті. Асан қожа бейіті Жем өзеніне тым жақын орналасқан, соған қарағанда ең бірінші салынған сияқты.

 Асан қожа қорымы- ХҮІІІ -ХІХ ғғ. ескерткіші. Оймауыт ауылынан 40 шақырым жерде, Жем өзені бойындағы ескі қорым. Көлемі 48 мың шаршы метр, 264 ескерткіштерден тұратын кешен. Асан қожа атануының себебі -қазақ жеріне қожалар келіп, ислам дінін таратқан, медресе ашқан, балаларды оқытқан. Сондай Асан деген кісі халық арасында үлкен беделге ие болған, дінді насихаттаған, содан Асан қожа атанса керек, ел ішіндегі аңыздар осылай дейді. Асан қожаны әулие деп жұрт ырым етіп, басына түнейтін болған.