Дәуімшар қорымы

   (18-19 ғ.ғ) - Байғанин ауданындағы архитектуралық салт - дәстүр ескерткіші, Жарқамыс ауылының оңтүстік батысына қарай 37км, жерде, Жем өзенінің сол жағалауында орын тепкен. Ауданы 4 га. 1810 жылы осы жерге Адайдың қырықмылтық (Шоғы) тайпасының Есекей бөлімінен шыққан Дәуімшар батырдың есімімен аталған. (Дәуімшар батырдың басына 2011 жылы Шоғы ұрпақтары құлпытас қойған) 
     Дәуімшар батыр 1770-1810 жылдар аралығында жем бойында өмір сүрген-Каспий өңірінің атақты батырларының бірі. Адайдың Мұңал тайпасына кіретін Шоғы (Қырықмылтық) руының есекей бөлімінен шыққан. Құттықадам руының баласы. Дәуімшар батырдың өмірі, ерлік жолдары. Үстірт, Жем, Сағыз аймақтарымен тығыз байланысты. Осы төңіректі иемденуге тырысқан башқұрт, түрікмен, хиуалықтардың, кейбір қалмақ қалдықтарының бетін қайтарып, ұрпақ алдында өшпес ерлік үлгілерін қалдырды. Алаштың ақиық азаматы Халел Досмұхамедұлы Дәуімшардың батырлығын жоғары бағалап, оны Атағозы, Сүйін қара, Өтен, Нарынбай, Құлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, Көктаубай сынды ерлердің қатарында атаған. Жем өңірін және осы маңайға қатысты өлкелерді келімсектерден қорғай жүруді басты міндеті деп санаған Дәуімшар батыр талай шайқастарды бастан өткеріп, жауларының сағын сындырған, өз мерейін үстем еткен. Батыр Жем өзенінің сол жағына өткен шетелдік экспедиция тобымен болған қақтығыста қаза болды. Бұл экспедиция тобында кімдер болған тарихи деректермен анықталмаған. Жер өлшеуші орыстар, немесе ағылшындардың барлау топтары болуы мүмкін деген болжам бар, ал кейбір мәліметтер бойынша Хиуаға сапар шеккен Перовский жасақтарының бір бөлігімен Дәуімшар батыр бастаған қазақтар кездесіп қалғанға ұқсайды. Экспедициямен соғысуды батырдың туыстары қаламайды, оның ішінде Дәуімшардың күйеу баласы Құдабай батыр да болса керек. Құдайбайды да ашулы Дәуімшар атып өлтірді деген сөз бар. Соғыста екі жақтан да көп шығын болған, олардың бәрі опат болған.