- басын Мұғалжар тауларынан алады. Бірнеше салалары қосылып, қар суымен тасыған Жем өзені кей жылдарда Каспий теңізіне құйылады. Жем өзеніндегі бұрынғы Ноғайлы елінің бір тобын "Жембойлық" деп атаған. Қазірде де бар. Патша үкіметі отарлау кезінде Жемді "Емь" деп кейіннен "Эмба" деп атап кеткен. Ұзындығы 350 шақырым шамасында.
ЖЕМ (Ембі)
– Ақтөбе және Атырау облыстары жеріндегі өзен. Ішкі бассейінге (Каспий) кіреді.
Ұзындығы 647 км .,
су жиналатын алқабы 45,7 мың шаршы километр. Мұғалжар тауының батыс беткейінен
басталады. Жоғарғы ағысында құрғақ даламен, төменгі бөлігі Каспий маңы
ойпатындағы шөл және шөлейт жерлермен өтеді. Жем өзенінің жағасында Мұғалжар
ауданының Ембі, Жем қалалары, Байғанин ауданының Жаңатаң, Кемерши, Ақтам,
Қаратөбе, Жарқамыс, Қаражар, Ақши, Қалдайбек, Миялы, Бесбай ауылдары, Атырау
облысының Құлсары қаласыда орналасқан. Жем
бойы талай тарихи оқиғалардың куәсі, бұл
маңайда қазақ-қалмақ соғыстары өтіп, кескілескен ұрыстар болған. Көптеген
қорымдардың болуы осыны аңғартады, Жем өзені бойын мекендеген елдерді қорғауға Барақ, Асау,
Дәуіт, Бармақ, Есет батырлар қатысқан, Махамбет жырларында да Жем, Сағыз, Ойыл
үшін болған шайқастар жырланады. Бертін келе Жем өзеніне арнап ақындар Сағи
Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Бәкір Тәжібаев, Есенбай Дүйсенбаев, Сәбит
Баймолдиндер лирикалық жырлар шығарды.