Шерліғұл ата мешіті

  Шерліғұл (т.ө.ж.белгісіз). ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ зиялыларының бірі. Тасастау, қайнар бұлақты мекендеген Сәтіғұл шешеннің баласы. Жасынан өнер, білімге құштар болып, 12 жасында ақпан руынан шыққан Алдияр екеуі Хиуаға баратын керуенге ілесіп, оқу іздеп кеткен. Осындағы медреселердің бірінде 8 жылдай оқып, білім алған, шатырхатқа (диплом) ие болған. Шерліғұл қазіргі Жаңажол селолық округіне кіретін жерде, Желтауға жақын маңайдан мешіт ашып, бала оқытқан. Ол ишан атанып, төңірегіне сыйлы, үлкен бедел иесі болды, көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды, науқастанған жандарды емдеді.