«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар
ұғымын сіңіру керектігін айта келіп, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын
әзірлеуді тапсырды.
Осыған орай ҚР Ұлттық музейі
жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы тамыз айының
ортасында «Қазақстанның жалпыұлттың киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін
ұсынады. Тізімде Ақтөбе облысы бойынша төрт нысан барын біз оқырмандарымызға
хабарлаған едік.
Енді осы жоба аясында
облысымыздағы республикалық маңызы бар ескерткіштер қатары тағы да бес
ескерткішпен толықты. Олар: Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Хромтау
ауданындағы Ойсылқара қорымы, Қобда ауданындағы Исатай батыр кесенесі, Шалқар
ауданындағы Есет-Дәрібай кесенесі және Әйтеке би ауданы аумағында сақталған
Кенесары ханның қарындасы Бопайдың бейнесі.