Шерқала

  - Жарқамыс селосы территориясы. Жарқамыстан оңтүстік -батысқа қарай 60 шақырым шамасында үсті тегіс дөңгелек тау. Аңызда шері жолбарыстар мекендеген тау болған деген бар. Екінші нұсқасы - тегіс жазықтағы дөңгелек үсті тегіс шағын тау айнала соққан желден шерлі қала, яғни, Шерқала деп аталған деген бар.