Ақбұлақ

 - бұл Жарқамыс селолық округінде Жемге қар суымен таситын Бөкенбай сайының бастауындағы жер. Бұл жерде Ақтоғайда сиыр фермасы тұрған. Ақбұлақ қазақтың танымал ақыны, драматург, композитор әрі әнші, орындаушы Б.Тәжібаевтың туған жері. Барлық жерге тарап кеткен "Ақбұлақ" әні осы жерге арналып жазылған.