-Сарытоғай ауылдық округінің территориясында Алтай батыр ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы алпыс шақырым жердегі тегіс тақыр жер. Ешқандай шөп өспейді. Көктемде қар, суы нөсер жаңбырдан тұрған қақ сулар желмен шайып саздақты ойпаты тегістеп тастаған. Ұзындығы - 13 шақырым, ені - 3 шақырым. Атаулы: Сәңкібай байдың Күлдір деген әйелінің аты және жылқысы су ішетін жері болған соң "Күлдірдің тақыры" деп аталған.