Доңызтау артезиан алабы.

 
 1949 жылы Министрлер кеңесінің қаулысымен Доңызтауды суландыру үшін 32 артезиан қазылған. Оның суы күні бүгінге дейін ағып тұр. Ұлы Отан соғысына дейін, сонғы кезінде көктемде таудың астына жайылған суға егін еккен. Одан мол өнім алып, халықты соғыс жылдарында аштықтан алып қалған. Оңдасынов Нұртас өзі келіп аралап, Доңызтауға 10-15 мыңға егіс егу үшін, қосымша артезиан қаздыру керек деп шешкен. Су шығарылғанымен оны игеру мүмкін болмайды. 50-жылдары Доңызтау әскерилердің қолына көшіп кетті.