Үй тас

   
- аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде тұрған биіктігі 2,3 - 3 м болатын тас. Аңызда ол ұзатылған байдың қызы, көшімен тас болып қалған. Әкесі барлық жасауын түгендеп берсе де қызы "итаяғым алтыннан болмады-ау" деп өкініш білдіргенде, ыза болған әкесі "тас бол" деп қарғаған дейді. Негізінде бұл жер бетіндегі ең үлкен метеорит. оның соққысынан радиусы 30 м топырақ толқыны сақталып қалған. Ғалымдардың зерттеуі қажет сияқты.