- бұл жүздеген шаршы км Тоқсанбай тауының етегінен басталатын батыстан оңтүстік -шығысқа қарай созылып жатырған тұзды алқап. Көктемде қар еріп, жаңбыр жауғанда тұзды сорға айналады. Шілдеде су буланып, тұздың жоғары концентрациясы кристалға айналады. Міне осы жерден атақты Тоқсанбайдың "қара тұзы" алынады. Қара балшық араласқан тұзды жуып-жайып өндіріп алған соң асқа пайдаланады, тіс ауруларға басады. Көшпенділер тұзбастығына осы Тоқсанбайдың қара тұзын басып алады.